AP08856314
Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру
Іске асыру кезеңі
2020 - 2022 жж. (27 ай)
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтардың дайындығын қалыптастыру технологиясын және оны іске асыру тетіктерін, оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік ресурстарды әзірлеу.
ЖОБА МІНДЕТТЕРІ
1 Қазақстан Республикасында (ҚР) оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға педагогтердің дайындығының ағымдағы жағдайын талдау.
Талдау республикада қашықтықтан білім беруді енгізу жөніндегі нормативтік құжаттарды, жарияланымдарды және басқа да материалдарды, сондай-ақ Алматы облысының білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жағдайын зерделеу негізінде жүргізілетін болады. Талдау нәтижесінде қашықтықтан білім беру жағдайында педагогтарды жұмысқа даярлаудың ағымдағы жағдайы анықталады, педагогтың қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру технологиясын әзірлеу үшін алғышарттар анықталады.
2 Қашықтықтан білім беруді жүзеге асыруға педагогтарды даярлау жүйесінің құрамдастарын анықтау және негіздеу.
Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, педагогтарды қашықтықтан оқытуға даярлау проблемалары бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулерді, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтарды даярлау жүйесінің құрамдас бөліктерін анықтауға, педагогтың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру тәсілдерін айқындауға, педагогтың қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру моделі мен технологиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
3 Болашақ педагогтардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру үшін бағдарламалық-әдістемелік материалдар әзірлеу.
Жоғары оқу орындары үшін әзірленген педагогикалық мамандықтардың модульдік білім беру бағдарламалары және оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеретін пәндердің оқу-әдістемелік кешендері психологиялық-педагогикалық бейіндегі бакалаврларды даярлау жүйесінде қолданылуы және болашақ педагогтердің қашықтықтан білім беру жағдайында жұмысқа кәсіби дайындығын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.
4 Оқушыларды қашықтықтан оқытуды іске асыруға дайындығын қалыптастыру үшін педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың бағдарламалық-әдістемелік материалдарын әзірлеу.
Әзірленген бағдарламалар, педагогтарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының мазмұны, қашықтықтан білім беру жағдайында педагогтерді жұмысқа даярлауды қамтамасыз ету ресурстары кәсіби білімнен кейінгі жағдайда пайдаланылуы мүмкін және педагогтардың қашықтықтан оқытуды іске асыруға дайындығын қалыптастыруға, қоғамның заманауи талаптары мен сұраныстарына сәйкес келетін мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етуге, тиімді қашықтықтан білім беру ортасын құру проблемаларын шешуге ықпал етуі мүмкін.
5 Педагогтың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру технологиясы мен моделін сынақтан өткізу, зерттеу нәтижелерін талдау және ұсыныстар әзірлеу.
Сынақтан өткізу жұмыстары Алматы облысының білім беру мекемелерінің базасында жүргізіледі. Сынақ нәтижелері педагогтардың қашықтықтан білім беру жағдайында жұмысқа дайындығын қалыптастыру технологиясын кәсіби білім беру жүйесіне енгізу үшін негіз болады. Зерттеу нәтижелерін талдау үшін теориялық, эмпирикалық және деректерді статистикалық өңдеу әдістерінің кешені қолданылатын болады.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Зерттеудің өзектілігі қашықтықтан білім беру жағдайында жұмыс істеуге барлық қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттері бар педагогтар даярлауға қоғамның әлеуметтік тапсырысымен, сонымен қатар келесі:
− қашықтықтан білім беру жағдайында кәсіби қызметті сәтті жүзеге асыратын педагогке қоғамның объективті сүранысы мен қашықтықтан оқытуды тиімді жүзеге асыруға педагогтардың даярлығының жеткіліксіздігі арасында;
− қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға педагогтың даярлығын қалыптастыру қажеттілігі мен оны қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен технологияларын жеткіліксіз деңгейде әзірленгендігі арасындағы қарама-қайшылықтардың болуымен анықталады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
1. «Talent Development & Excellence» рецензияланатын шетелдік ғылыми журналда жариялауды жүзеге асыру. Импакт-фактор квартилі – Q3.
2. Қазақстандық баспаларда қашықтықтан оқыту әдістемесі бойынша оқу құралын, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жариялау.
3. Әзірленген оқу-әдістемелік материалдарға авторлық құқық куәліктерін алу.
4. Жарияланымдар, семинарлар мен конференциялардағы баяндамалар, авторлық куәліктер алу және т. б. арқылы әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы мен қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату.
5. Конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
1) Күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары. Зерттеу аяқталғаннан кейін алынған материалдар кітап түрінде рәсімделеді. Бұл материалдар:
орта, техникалық және кәсіптік, жоғары, қосымша білім беру мекемелері педагогикалық ресурстарды анықтау және еліміздің кез келген аудандарында және одан тыс жерлерде халықтың кең топтарына тең білім беру мүмкіндіктерін беру үшін;
кәсіби білім берудің заманауи теориясын жасау үшін ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, білім беру ортасын кеңейту үшін білім беру мекемелерінің педагогтары, сондай-ақ педагогикалық мамандықтардың студенттері, магистранттары, докторанттары пайдаланады деген сенімдеміз.
2) Күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері
Оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерінің құрылымы мен мазмұнын өзгертуді қамтитын кәсіптік білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын әзірлеуге; оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесі үшін оқу контентін әзірлеуге әсер етуі.
3) Алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі:
Нәтижелер жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде, қосымша кәсіби білім беру практикасында қолданылады. Коммерцияландыру мүмкіндігі білім беру қызметтерінің түрлерін және оларды өңірлік деңгейде ұсыну көлемін кеңейтуден тұрады: педагог кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа байланыссыз нысандарын, оның ішінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
4) Негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері.
Білім беру бағдарламасы шеңберінде пәнаралық тәсіл және оқу пәндерін интеграциялау негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін құрылуы.
Білім беру мекемелерін қашықтықтан оқытуды іске асыру және білімді ақпараттандыру міндеттерін шешуге дайын педагогтармен қамтамасыз ету үшін әдістемелік базаның әзірленуі.
Елдің сапалы дайындалған мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Қашықтықтан білім беру жүйесі үшін мамандарды қайта даярлауға қажеттілікті азайтуға байланысты қаржылық шығындарды төмендету.
Отандық жоғары мектеп жинаған білім мен кадрлық әлеуетті арттыру.
5) Жобаның сапалық және сандық сипаттамаларымен бірге басқа да тікелей және жанама нәтижелері
Университеттің нарықтық тартымдылығының, имиджінің артуы.
Университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның ақпараттық құзыреттілігінің кеңеюі.
Өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу тұрғысынан ЖОО-ның икемділігі мен әрекеттері жылдамдығының артуы.
ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессор м.а.
Жобаның бірлескен жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор м.а.
Экономика ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры
Педагогика ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогика және психология жоғары мектебінің деканы, профессор
Researcher ID: ABI-1628-2020
Жаратылыс ғылымдарының магистрі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің докторанты, педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушысы-ассистенті
Сейтбатталова Айгерим Сейтбатталовна
Философия докторы PhD, Қазақстан инновациялық академиясының педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті
Researcher ID:
ORCID:
Педагогика ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бағдарламасының қауымдастырылған профессоры (доцент)
Researcher ID:
ORCID:
Педагогика ғылымдарының магистрі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі білім беру бағдарламасының оқытушысы-ассистенті
Researcher ID:
ORCID:
Педагогика ғылымдарының магистрі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің шет тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі
Researcher ID:
ORCID:
Жоба аясында жарияланған мақалалар
2022
2021
2020
Жоба орындаушыларының
2016-2020 жылдары жарияланған ғылыми еңбектері
2020
2. Seitbattalova A., Mailybaeva G., Ybyraimzhanov K., Ramazan B. - INFORMATIONAL SUPPORT FOR THE FORMATION OF TEACHERS' READINESS FOR DISTANCE EDUCATION // Сборник материалов III Международной научно-практической конференции "АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИКИ И УПРАВЛЕНИЯ В СОВРЕМЕННЫХ УСЛОВИЯХ", г. Москва, 27-28 октября 2020 г.
3. Mailybaeva G., Janzakova Sh., Zhexembayeva Zh., Seitbattalova A., Sarsekulova D. Genesis of Multicultural Education in the Republic of Kazakhstan. //Talent Development & Excellence Q2 Vol.12 №1 (2020): Issue 2020/1. Р.745-766. http://iratde.com/index.php/jtde/article/view/648.
4. Ybyraimzhanov K., Zhanatbekova N.Zh., Danikeeva A., Abdykerimova E., Julkybekova G. Pedagogical Competence as Means of Developing the Professional Potential of the Teacher. Talent Development & Excellence Vol.12, No.1, 2020, 294-307. http://iratde.com/index.php/jtde/article/view/606
5. Мовкебаева З.А., Жолтаева Г.Н. Мүгедек студенттердің дамуындағы бұзушылықтардың ерекшелігін ескере отырып, қашықтықтан оқыту жүйесі үшін оқу контентін әзірлеу туралы // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. -2020. -№5/3. –Б.193-196.
6. Abilgazieva Zh., Ybyraimzhanov K. Tanzharikova A., Mailybaeva G., Zhalgasbayeva K. Integrative Technology as the Base of Primary Schoolchildren's Speech Activity Formation. Q 2 Vol. 12 №. 1 (2020): Issue 2020/1. http://iratde.com/index.php/jtde/article/view/621.
2019
1. Zhanatbekova N.Zh. Computer modeling of physical processes. Manual. - Taldygorgan, Zhetysu state University named after I. Zhansugurov, 2019. – 136 p.
2. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама). №2099 от 04.03.2019 ж. (авторлар Майлыбаева Г.С., Сейтенова С.С.).
3. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік «Бiлiм беру жүйесiндегi инновациялық технологиялар» (ғылыми туынды). №2967 от 22.04.2019 ж. (авторлар Жанатбекова Н.Ж., Борибекова Ф.).
4. Movkebayeva Z.A., Zholtaeva G. N., Khamitova D.S. Teachers’ Attitude Towards Disabled Students of Distance Learning Departments at Higher Educational Institutions - Atlantis Press - Advances in Economics, Business and Management Research, volume 114. 2019. - P. 379-383. https://doi.org/10.2991/aebmr.k.200114.090
5. Жолтаева Г.Н., Есимханова Р.К., Сацевич С.В. Педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлау // Қазақстанның ғылымы мен өмірі.-2019. -№4 (79). С.75-79.
6. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік «Болашақ бастауыш сынып мұғалімiнің диагностикалық іс-әрекетін қалыптастыру» (программа для ЭВМ). №4006 от 13.06.2019жг. (авторлар Жолтаева Г.Н., Тугельбаева Ж.Н.).
2018
1. Feizuldayeva S., Ybyraimzhanov K., Mailybaeva G., Ishanov P., Beisenbaeva A. Vocational training of future elementary school teacher by means of realization of inter-subject continuity. Opción, Año 34, №85-2 (2018): р.479-516. ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385. https://produccioncientificaluz.org/index.php/opcion/article/view/23805
2. Saurykova, Z.M., Ybyraimzhanov, K., Mailybaeva, G. Implementation of interdisciplinary relationships in education on the basis of science integration. Opción: Revista de Ciencias Humanas y Sociales, ISSN 1012-1587, Nº85-2, 2018, p.353-385. https://www.redalyc.org/jatsRepo/310/31057290016/html/index.html
3. Жанатбекова Н.Ж., Абдулаева Ә.Б., Уразова М.С. Физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеу негіздері. -Қарағанды, «Ақнұр» баспасы, 2018. -156б.
4. Мовкебаева З.А., Жолтаева Г.Н., Оралканова И.А., Исалиева С.Т., Хамитова Д.С. Қашықтықтан білім беру жүйесі үшін білім беру контентін құрудың алғышарттары //Педагогика және психология. – 2018. - №2(35). - Б.89-95.
2017
1. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік «Ойын технологиясын бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісінде пайдалану» (ғылыми туынды). №890 от 27.04.2017 ж. (авторлар Майлыбаева Г.С., Ыбыраимжанов К.Т.).
2. Абильгазиева Ж.К. Жас мамандардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы және оның Қазақстандағы білім беру жүйесімен байланысы. // Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. 2017. -№2. -Б.290-295.
2016
1. Botalova О., Osipova S., Asenova N., Kenenbaeva M., Kuderina A., Zholtaeva G., Boribekova F., Zhanatbekova N., Vedilina E., Azanbekova G.Value orientations of future teachers-researchers. International Journal of Environmental and Science Education 2016, VOL. 11, №17, 10279-10288. https://eric.ed.gov/?id=EJ1119358.
2. Egorychev А.М., Akhtian A.G., Seitbattalova A.S., Chelysheva Y.V., Levina I.D. Information support of the professional training of educational psychologists: Implementation and development prospects. // Man in India: 97(16), pp. 199–212, 2016. https://www.researchgate.net/publication/321921175_Information_support_of_the_professional_training_of_educational_psychologists_Implementation_and_development_prospects
3. Тастемирова А.Е., Абильгазиева Ж.К. Студенттердің өзіндік оқу қызметін ұйымдастыруда Интернет-ресурстарды пайдалану. // Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі мәселелері. 2016. №5(7). –С.27-31. eLIBRARY ID: 27412045.
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР
ЕНГІЗУ АКТІЛЕРІ
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КАТАЛОГЫ
2021
24-мамыр мен 4-маусым аралығында «Қашықтықтан оқытудағы цифрлық білім беру технологиялары» тақырыбында орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
56 педагог 72 сағат
2022
30 мамыр мен 4 маусым аралығында «Киберпедагогика негіздері. Қашықтықтан оқыту әдістері мен технологиялары» тақырыбында орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
31 педагог 36 сағат
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ
2022